jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Түркістан облысындағы ауданда аз қамтылған отбасына баспана берілді

Созақ ауданында берілген баспана
Созақ ауданында берілген баспана. Фото: facebook.com/ Түркістан облысы ӨКҚ

Түркістан облысы Созақ ауданы Бабата елді мекеніндегі аз қамтылған отбасына демеушілердің атынан баспана берілді. Осы орайда аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков жаңа үйдің кілтін табыстап, үй иесін құттықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақпарат Түркістан облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінің Facebook-тегі парақшасында жарияланды. Бес бөлмелі баспанада су және жылу жүйелері толықтай орнатылған. Сондай-ақ шаруашылықты дамытуға арналған 20 сотықтан астам жер телімі бар.

"Бүгінгі қуаныш – тек сіздер үшін ғана емес, барша ауыл тұрғындары үшін де маңызды. Әрбір адам өзінің шаңырағында бақытты болуға тиіс. Жаңа үй – жаңа мүмкіндіктер, жаңа бастама.

Біз тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға, қоғамымыздың дамуына барынша қолдау көрсетеміз. Осылайша бірлігімізді нығайтып, еліміздің болашағын бірге қалыптастырамыз", - деді аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы.

Түркістан облысындағы ауданда аз қамтылған отбасына баспана берілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.