jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте жат ағымның жетегінде кеткендер жиналатын орындар анықталды

Жұма намазы
Намаз оқу сәті. Көрнекі фото: "Азаттық рухы" басылымы

Шымкентте өзге ағымның жетегінде кеткендер жиналатын орын анықталды. Бұл туралы Дін істері басқармасының басшысы мәлімдеді, деп хабарлайды otyrar.kz.

Шымкентте жат ағымның жетегінде жүрген 902 азамат тіркелген.

"Спорт, мәдениет саласында көп азаматтар, әсіресе спортшылар арасында жат ағымдарды жақтайтындар бар. Олармен біздің теолог, психологтар жұмыс атқарып жатыр. ҰҚК-мен бірлесе жұмыс жүргізілуде. Деструктивті ағымдарда жүрген азаматтар саны Шымкентте 902", - деді Дін істері басқармасының басшысы Бақтияр Өнербаев.

Басқарма басшысының айтуынша, ескі қалашық аумағы мен мегаполистегі сауда орындары жат ағымдағылардың жиі жиналатын орнына айналған. Дегенмен қоғамдық кеңес мүшелері жатақханаларды тексеріп, жиі түсіндірме жұмыстарын жүргізуді ұсынды.

"Жатақхананы назарға алсаңыздар. Базардағылар сіздермен сөйлеспейді. Олар әбден әккі болып қалған. Біз жастармен жұмыс істеуіміз керек", - деді Шымкент қалалық қоғамдық кеңес мүшесі Азат Әміртай.

Қала әкімінің орынбасары жат ағымдармен күресте тек тиісті басқарма ғана емес, жұрт болып жұмылып жұмыс істеу керек екенін айтады.

"Бұл тек Дін басқармасының жұмысы емес, мұнымен біз жұрт болып жұмылып, ел болып бірігіп жұмыс істеуіміз керек. Білім беру сапасын көтеруіміз керек, спортпен шұғылданатын, шығармашылық үйірмелермен айналысатындардың санын көбейтуіміз керек", - дейді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек.

Шымкентте дәстүрлі емес діни ағым қауымдастықтармен тұрақты жұмыс жүргізіліп жатыр, дейді басқарма басшысы. Мәселен, жыл басынан бері радикалды қауымдастықтардың әлеуметтік желідегі парақшаларына тіркелген 6950 қолданушыға хабарлама жолданған.

Нәтижесінде оның 1401-і қауымдастықтан бас тартыпты. Ал желіде 18 840 жат ағымға тиесілі материал бұғатталған.

Шымкентте жат ағымның жетегінде кеткендер жиналатын орындар анықталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.