jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Әжесін алдап кеткен: Түркістан облысында жоғалған 15 жастағы қыз үйіне қайтарылды

Желіде отырған бойжеткен. Көрнекі сурет
Желіде отырған бойжеткен. Көрнекі сурет: pixabay.com

Түркістан облысы Жетісай ауданында полиция жоғалған 15 жастағы қызды Шымкенттен тауып, үйіне қайтарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның Instagram-дағы парақшасында жарияланған мәліметке сүйенсек, Жетісай ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, 15 жастағы немересінің жоғалғаны туралы хабарлаған.

Әжесінің сөзінше, жасөспірім қыз кешкі уақытта құрбысына барамын деп үйден шығып, қайта оралмаған. Туыстары өз бетінше іздегенімен, еш нәтиже шықпаған.

Тәртіп сақшылары жасөспірімнің таныстары мен достарынан жауап алып, жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізді. Тәулік бойы атқарылған іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер кәмелетке толмаған жасөспірімді Шымкент қаласынан тапқан.

Жоғалған қыз туыстарына аман-есен қайтарылды.

Кейінірек қыздың әжесін "құрбыма кеттім" деп сендіріп, өзі достарымен серуендеу үшін Шымкент қаласына кетіп қалғаны белгілі болды.

Әжесін алдап кеткен: Түркістан облысында жоғалған 15 жастағы қыз үйіне қайтарылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.