jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Алматыда алдағы демалыс күндері Сәтбаев көшесінің бір бөлігі жабылады

Алматы қаласы
Алматы қаласы. Фото: Taylor Weidman/Bloomberg via Getty Images

Алматыда жәрмеңкеге байланысты жұма күні кештен жексенбіде кешке дейін Сәтбаев көшесінің бір бөлігі жабылады. Бұл туралы қалалық әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Әкімдік Алматыда 2-3 қараша күндері сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтетінін хабарлады. Оған Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарының тауар өндірушілері мен шаруалары қатысады.

Жәрмеңкеде ет-сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, ұн, жарма, өсімдік және жануарлар майлар және т.б. ұсынылады.

Жәрмеңке Сәтбаев көшесінің Уәлиханов көшесінен Достық даңғылына дейінгі бөлігінде орналасады, сондықтан бұл бөлік 1 қараша 20:00-ден 3 қараша 20:00-ге дейін жабық болады.

Әкімдік жүргізушілерден маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Сонымен қатар, жәрмеңке кезінде №45, №95 және №121 маршруттардың үлгілері өзгереді. Абай даңғылы бойымен жабылған аумаққа айналма жол жүргізіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда тауық жұмыртқасының бағасы бекітілетіні хабарланған болатын. Қаланың айналасындағы сауда орындарында бір дана құны 58 теңгеден аспайтыны атап өтілді.

Алматыда алдағы демалыс күндері Сәтбаев көшесінің бір бөлігі жабылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.