jitsu gif

Алматыда Абай даңғылындағы көшелердің бірінде бір айға жуық көлік қозғалысы шектеледі

Жол белгісі.
Жол белгісі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматыда Абай даңғылын ұзарту жұмыстарына байланысты Қилыбай Медеубеков көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды.

"2-25 қараша аралығында Қилыбай Медеубеков көшесі мен ұзартылып жатқан Абай даңғылының қиылысында көлік қозғалысы шектеледі.

Бұл аумақты оңтүстік бағытта Ұ.Қараманов, Грушовая, Строительная көшелері арқылы, ал солтүстік бағытта Строительная, Виноградная, Ұ.Қараманов көшелері арқылы айналып өтуге болады. Аталған учаскеде ескерту белгілері қойылады", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Абай даңғылын қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстарын осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Қазір 600 метрлік соңғы учаскеде жұмыс қолға алынған, ұзартылған жолдың ұзындығы 5,3 км-ге дейін жетеді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.