Дауыл мен көктайғақ: Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Жарияланған күні:

Синоптиктер ауа райының күрт бұзылуына байланысты елдің бірқатар өңірінде ескерту жариялады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлайды.
Мамандардың мәліметіне сүйенсек, 2 қараша түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында тұман күтіледі.
Ертең түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен батысына тұман түсуі ықтимал.
2 қараша түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оның екпіні 15-20 м/с болады.
2 қарашада түнде және таңертең Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың шығысында жел екпіні 15-20 м/с болады.
Ертең Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады. Облыстың шығысында, таулы аудандарында оның екпіні 17-22 м/с болады.
Астана қаласында 2 қараша түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз оның екпіні 15-20 м/с болады.
Ертең Атырау облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18-23, облыстың солтүстігінде кей уақытта 28 м/с болады.
2 қарашада Ақтөбе облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ертең Павлодар облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оның екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ертең түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.
Ал түнде және таңертең Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с болады.
2 қарашада Қызылорда облысында жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады. Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с болады.
Ал түнде Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Одан бөлек облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын болуы ықтимал.
2 қарашада Ақмола облысының басым бөлігінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.
Ал түнде және таңертең Маңғыстау облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2182008-dauyl-men-koktaigaq-qazaqstannyng-birqatar-ongirinde-aua-raiyna-bailanysty-eskertu-zhariialandy/