Ақмола облысында жоғалып кеткен мүгедектігі бар ер адам табылды
Жарияланған күні:

Ақмола облысында жоғалып кеткен мүгедектігі бар ер адам табылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.
Басылым мәліметіне сүйенсек, 31 қазанда Ақмола облысында психоневрологиялық ауытқулары бар азаматтарға арналған арнайы мекемеден қамқорлықтағы, психиатриялық есепте тұрған 50 жастағы ер адам өз еркімен белгісіз бағытқа шығып кеткен.
Науқастың жоғалып кеткенін байқаған мекеме қызметкерлері бірден аудандық полиция бөліміне жүгінген. Жоғалған адамды іздестіру үшін полиция шұғыл шаралар қабылдады. Қызметкерлер оның жүріп өткен болуы мүмкін бағыттарын мұқият саралап, жергілікті тұрғындардан келіп түскен ақпараттарды талдады, сондай-ақ жақын маңдағы елді мекендерге патрульді күшейтті.
Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 1 қараша күні жақын маңдағы ауылдардың бірінен жоғалған азамат табылып, қайтадан мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта бұл оқиғаға қатысты тексеру жүргізіліп, барлық мән-жайы анықталуда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2182202-aqmola-oblysynda-zhogalyp-ketken-mugedektigi-bar-er-adam-tabyldy/