jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Елордада Мәңгілік ел даңғылы уақытша жабылады

"Мәңгілік ел" қақпасы
"Мәңгілік ел" қақпасы. Фото: Астана қаласының әкімдігі

3 қарашада Астанада сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін Мәңгілік ел даңғылының бойында Сығанақ көшесімен қиылысатын жерде көлік қозғалысы мен қоғамдық көліктер қозғалысы толығымен шектеледі. Бұл туралы Kazinform Астана қаласының мониторинг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! 3 қарашада сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін № 12, 15, 15 А, 18, 19, 21, 32, 35, 43, 46, 50, 55 А, 55 Б, 61, 70 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді.

Себебі LRT эстакадасының уақытша металл тіректерін демонтаждауға байланысты Мәңгілік ел даңғылы бойында Сығанақ көшесімен қиылысында қозғалыс жабылады", - делінген мониторинг орталығы хабарламасында.

Астана қаласының мониторинг агенттігі қала қонақтары мен тұрғындарынан сапарларын алдын ала жоспарлауды ескертті.

Елордада Мәңгілік ел даңғылы уақытша жабылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.