Таяу Шығыстағы жағдай: Ливаннан 41 қазақстандық эвакуацияланды
Жарияланған күні:
Читать на русскомТаяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Ливаннан Қазақстан азаматтары эвакуацияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Таяу Шығыс өңіріндегі шиеленістің күшеуіне байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанның тиісті мемлекеттік органдардың қатысуымен Ливаннан Қазақстан азаматтарын және олардың отбасы мүшелерін елге эвакуациялау шаралары іске асырылды.
Аталған операция Стамбұл және Дубай қалалары арқылы ұйымдастырылып, нәтижесінде 2024 жылғы 17-31 қазан аралығында Бейруттан Астана мен Алматы қалаларына 41 адам аман-есен жеткізілді", - делінген ведомствоның Telegram-дағы арнасында..
Эвакуация әскери қақтығыс аймағында қалған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында жүргізілгені хабарланды.
Бұған дейін Қазақстанның Қорғаныс министрлігі БҰҰ Израиль армиясы Ливанның оңтүстігіндегі ұйымның позициясына "басып кірді" деп мәлімдегеннен кейін Ливандағы қазақстандық бітімгерлердің жағдайы туралы айтқан болатын.
Еске сала кетейік, жағдайдың шиеленісуі ХАМАС басқарған Израильдегі шабуылдардан 1000-нан астам адамның өмірін қиып, Газада тағы 250 адамды кепілге алған соң болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2182556-qazaqstandyqtar-livannan-evakuatsiialandy/