jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда визаның тағы бір түрі іске қосылды

Виза
Виза. Көрнекі фото: a_Taiga/Getty Images

Қазақстанда IT-мамандарға арналған Digital Nomad Visa іске қосылды. Бұл виза түрі әлемнің түкпір-түкпірінен келген осы сала мамандарына Қазақстанда тұруға және жұмыс істеуге мүмкіндік береді Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Цифрлық даму министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Цифрлық даму министрлігі халықаралық мамандарды тарту және Қазақстанның цифрлық экономикасын дамытуға бағытталған Digital Nomad Visa (DNV) бағдарламасының іске қосылғаны туралы жариялады. Бұл виза әлемнің түкпір-түкпіріндегі мамандарға Қазақстанда заманауи цифрлық қызметтер мен жоғары деңгейлі жайлылықты пайдалана отырып, өмір сүру және жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Digital Nomad Visa IT-мамандарға арналған, Қазақстанды қашықтан жұмыс істеуге ыңғайлы хаб ретінде ұсынады. Бағдарлама жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділік, озық цифрлық қызметтер және бизнесті жүргізудің жеңілдігі маңызды кәсіби мамандарды тартуға бағытталған", - делінген хабарламада.

Digital Nomad Visa артықшылықтары:

  • Ыңғайлы визалық режим: Визаны беру және ұзарту рәсімдерінің жеңілдетілуі.
  • 5G және спутниктік байланысқа қолжетімділік: Ел аумағында тұрақты байланыс қамтамасыз етілген.
  • Жергілікті мәдениетпен интеграция: Бейімделуге, тұрғын үй іздеуге және кәсіби байланыстар орнатуға көмек көрсету.
  • Мемлекеттік қолдау: Бизнесті жеңілдету және инновациялық жобаларға қатысу мүмкіндігі.

"Digital Nomad Visa – Қазақстанды цифрлық көшпенділер үшін халықаралық орталыққа айналдыруға бағытталған маңызды қадам. Бағдарлама жұмыс істеуге ыңғайлы жағдайлар мен жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз етеді, бұл инновациялық экожүйелерді дамытуға және әлемнің түкпір-түкпіріндегі мамандармен тәжірибе алмасуға ықпал етеді",- деп Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

Digital Nomad Visa бағдарламасы қазірдің өзінде қолжетімді және шетелдіктерге Қазақстанда жұмыс істеуге және өмір сүруге бірегей мүмкіндіктер береді.

Қазақстанда визаның тағы бір түрі іске қосылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.