jitsu gif

Жетісу облысында аспанда белгісіз нысан байқалды (видео)

Белгісіз нысан
Белгісіз нысан. Видеодан кадр: telegram.org/kris_p_almaty_official

Жаркент тұрғындары аспанда қатты жылдамдықпен қозғалып келе жатқан белгісіз жанып жатқан нысанды видеоға түсіріп алған. Бұл нысанның кадрлары әлеуметтік желілерде тараған.

Видео Telegram-дағы kris_p_almaty арнасында жарияланған.

Куәгерлер түсірген кадрлардан белгілі бір заттың түнгі аспанда ұшып, жанып бара жатқанын көруге болады. Аталмыш нысанды Жаркент тұрғыны түсіріп алған.

Желі қолданушылары әуе кемесінің қалдықтары атмосферада жанып жатыр деген ойға келді.

"Starlink-тен немесе қытайлық құрылғыдан шыққан қоқыстар. 2-3 қарашада кейбір құрылғылар атмосфераға түседі", "Мүмкін бұл ескі NEOWISE ғарыш телескопы шығар", "Халықаралық ғарыш станциясынан бірдеңе түсіріп жатыр немесе бұл ғарыш қоқыстары", - деп жазды қолданушылар.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.