jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Әлия Оспанова Халықаралық бағдарламалар орталығының басшысы қызметінен кетті

Әлия Оспанова
Әлия Оспанова. Фото: bolashak.gov.kz

Әлия Оспанова "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ басқарма төрайымы қызметінен кетті. Бұл туралы орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Орталықтың баспасөз қызметінің NUR.KZ тілшісіне берген ақпаратына сәйкес, Әлия Қалқаманқызы басқа қызметке ауысуына байланысты "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ басшысы қызметінен кетті.

Ресми сайттағы ақпаратқа сәйкес, орталық "Болашақ" бағдарламасын, ғылыми тағылымдамаларды, сондай-ақ үкіметаралық гранттарды басқарады. Орталық құжаттарды қабылдауды, конкурстық іріктеуді жүргізеді.

"Заңгер БАИ" мәліметтері бойынша, Әлия Оспанова 1987 жылы 15 тамызда Талдықорған қаласында дүниеге келген.

2008 жылы Қазақстан-Британ техникалық университетін "Ақпараттық технологиялар"мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылы - Императорлық Колледж (Ұлыбритания) бітірді.

2022 жылы АҚШ-тағы Quantic Business School бизнес мектебінде іскери әкімшілік магистрі дәрежесін алды. Ғылым докторына кандидат.

Еңбек жолын 2011 жылы Microsoft корпорациясының негізгі серіктестермен жұмыс жөніндегі менеджері, дистрибьюторлармен жұмыс жөніндегі менеджері лауазымынан бастады.

2022 жылы Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің реформалар жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, 2022-2023 жылдары - Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрінің кеңесшісі болды.

2023 жылы - "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ басқарма төрағасы. Өткен жылдың қараша айынан бастап "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ басқармасын басқарды.

Әлия Оспанова Халықаралық бағдарламалар орталығының басшысы қызметінен кетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.