jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Түркістан облысында шаштараздың алдынан велосипед ұрлап кеткен ер адам анықталды

Велосипед
Велосипед. Фото: instagram.com/ turkistan_polisia

Түркістан облысында шаштараздың алдынан велосипед ұрлап кеткен ер адам анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық ПД мәліметіне сүйенсек, Шардара ауданында жәбірленуші кешкі сағат 20:00 шамасында велосипедін шаштараздың алдына қойып, шашын алдыруға ішке кірген.

Ол іште болған кезде жолдан өтіп бара жатқан ер адам қараусыз қалдырылған STЕLS маркалы велосипедті жымқырып кеткен. Артынша оны үйіне жасырып қойған.

"Тәртіп сақшылары күдіктінің тұрғылықты мекенжайынан айғақты затты алып, заңды иесіне қайтарып берді. Қазіргі таңда ер адамның бұрын жасалған осы секілді қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде", - делінген Түркістан облыстық ПД Instagram-дағы парақшасында.

Түркістан облысында шаштараздың алдынан велосипед ұрлап кеткен ер адам анықталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.