jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Алматыда жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін: әкімдік ауа райына байланысты ескерту жасады

Көктайғақ
Көктайғақ. Көрнекі фото: Michal Fludra/NurPhoto/Getty Images

Алматыда алдағы күндері қар жаууы мүмкін. Осыған байланысты әкімдік өкілдері жүргізушілерге ескерту жасап, қалада қауіпсіздік шаралары күшейтілгенін мәлімдеді. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әкімдіктің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, Алматыда 5-8 қараша аралығында жаңбыр, ал 7 қарашаға қараған түні қар аралас жаңбыр жауып, сынап бағанасы +2°C-қа дейін төмендейді.

"Су басу мен көктайғақтың алдын алу үшін 490 арнайы техника және 1120 жұмысшы жұмылдырылды. 6 қараша кештен бастап жолдарда 160 құмшашыратқыш кезекшілік етеді", - делінген ведомство хабарламасында.

"Қазгидрометтің" мәліметінше, 6 қарашада күн бұлтты болады, күндіз ауа температурасы +16°C болғанымен, жаңбыр жауады, түнде +8…+10°C.

7 қарашада жаңбыр соңы қарға ұласып, ауа температурасы +2°C- қа дейін төмендейді.

Осыған орай әкімдік өкілдері жүргізушілерді жазғы дөңгелекті қысқыға ауыстырып, көктайғаққа байланысты сақтық шараларын сақтауға, ал жаяу жүргіншілерді тайғақ тротуарларда абай болуға шақырды.

Алматыда жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін: әкімдік ауа райына байланысты ескерту жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.