Шымкентте 300-ден астам көшенің атауы өзгертілмек
Жарияланған күні:
Шымкентте VIII шақырылымдағы мәслихат депутаттарының кезектен тыс жиырма екінші сессиясы өтті. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысқан жиында мегаполистің кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру, қайта атау, атаулардың транскрипциясын өзгерту туралы мәселесі талқыға түсті, деп жазады otyrar.kz.
Нақтырақ айтсақ, күн тәртібінде республикалық ономастикалық комиссияның қорытындысы негізінде Шымкент қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру, қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысы мен мәслихатының бірлескен оң қорытындысын беру мәселесі қаралды.
Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев мәлім еткендей, барлығы 283 көшеге атау беру, атауы қайталанатын 82 көше, идеологиялық тұрғыдан ескірген 6 көшені қайта атау, 6 шағынауданға және 1 аллеяға атау беру, 1 саяжайды қайта атау, 6 көшенің атауының транскрипциясын өзгерту мәселесі ұсынылды
Ал көшелерге атау беру мәселесі AMANAT партиясының фракциясында, бірлескен комиссияда, мәслихат сессиясында мақұлданып, әрі қарай республикалық комиссияға жолданған болатын. Республикалық ономастикалық комиссия ұсынылған барлық көшені бекітті.
Жедел жәрдем, өрт сөндіру қызметін шақырған кезде бірқатар қиындық туындайтын еді. Тиісті ұсынымға сәйкес, әр көше зерделеніп, жүйелі жұмыстар атқарылды. Бұл ретте өзен-су, дәстүрлі атауларға мән берілді. Қолдағандарыңызға рақмет", – деді қала әкімі Ғабит Сыздықбеков.
Сондай-ақ шаһар басшысы жылыту маусымы басталғалы әкімдік тарабынан барлық міндеттемелер орындалғанын, әрі қарай Мүлік иелері бірлестігі (МҮБ) жұмыс істеуі қажет екенін мәлімдеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2183318-shymkentte-300-den-astam-koshening-atauy-ozgertilmek/