jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Ауа райына байланысты бірнеше облыста республикалық тасжолдар жабылды

Тасжол
Тасжол. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанның кейбір жолдарында ауа райының нашарлауына байланысты көлік қозғалысына шектеулер енгізілді. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қою жоспарлануда:

  • 2024 жылғы 6 қарашада сағат 18:00-де Жамбыл облысында республикалық маңызы бар А-2 "Алматы-Ташкент-Термез" автожолының 534-593 шақырым аралығында (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін) жүк көліктерінің қозғалысына;
  • 2024 жылғы 6 қарашада сағат 18:00-де Түркістан облысында республикалық маңызы бар А-2 "Алматы-Ташкент-Термез" автожолының 593-620 шақырым аралығында (Жамбыл облысының шекарасынан Тұрар Рысқұлов ауылына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына;
  • 2024 жылғы 6 қарашада сағат 19:00-де Қостанай облысында республикалық маңызы бар А-16 "Жезқазған-Петропавл" автожолының 339-377 шақырым аралығында (Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына;
  • 2024 жылғы 6 қарашада сағат 19:00-де Ақмола облысында республикалық маңызы бар А-16 "Жезқазған-Петропавл" автожолының 377-440 шақырым аралығында (Қостанай облысының шекарасынан Державинск қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына.
Ауа райына байланысты бірнеше облыста республикалық тасжолдар жабылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.