jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Тасжолда қозғалыс шектелді: Түркістан облысында полиция тұрғындарға үндеу жасады (видео)

Жанәлі Шатаев.
Жанәлі Шатаев. Видеодан кадр: instagram.com/ turkistan_polisia

Түркістан облысындағы республикалық маңызы бар тасжолда жүк көліктері үшін қозғалыс шектелді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ақпарат Түркістан облыстық ПД Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды.

"2024 жылдың 6 қарашасында Түркістан облысымен шекаралас Жамбыл облысында автожолдың жабылуына байланысты "Ташкент – Шымкент - Тараз – Алматы-Хоргос" республикалық маңызы бар тасжолының 593-620 км учаскесінде жүк көліктеріне қозғалыс шектелді", - делінген жазбада.

Ал видеода қызмет инспекторы Жанәлі Шатаев Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтарын жолда абай болуға шақырды.

"Бүгін, 6 қараша "Алматы-Термез" тасжолында, Түлкібас ауданы аумақтарында тұман түсіп, қар жауып, бұрқасын болуына байланысты жол жүргенде жол ережелерін қатаң түрде сақтауды сұраймыз. Жазғы дөңгелекпен жолға шықпаңыздар", - дейді ол видеода.

Тасжолда қозғалыс шектелді: Түркістан облысында полиция тұрғындарға үндеу жасады (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.