jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Түркістан облысында полицейлер көлік құралдарын қысқа кезеңге дайындауға шақырды

дөңгелек ауыстыру
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысы ПД Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушілерге көлік құралдарын қысқы кезеңге дайындау қажеттілігі туралы түсіндіру бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық ПД мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары рейд кезінде автокөлік жүргізушілерін көліктерін жолға шықпас бұрын тексеріп, оның жай-күйіне және техникалық жарамдылығына байыппен қарауға шақырған.

"Бірінші кезекте жазғы доңғалақтарын қысқы доңғалаққа ауыстыруға кеңес берді. Сондай-ақ көлікке қажетті майларын ауыстырып, жаңа сүзгілерді қойып, тежегіш жастықшаларын, шамдарын, әйнек тазалағыштарын, салқындату жүйесін тексеріп қоюға міндеттеді.

Сонымен қатар жолдарда мүмкіндігінше мұқият болу керек, әсіресе ауа райының қолайсыздығында жылдамдық режимін, маневр жасау ережелері мен қашықтықты сақтау қажет екенін жеткізді", - делінген Түркістан облыстық ПД Instagram-дағы парақшасында.

Түркістан облысында полицейлер көлік құралдарын қысқа кезеңге дайындауға шақырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.