jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Бүгін Қазақстанның екі мегаполисінде қар жауады

Қар
Қар жауып тұрған сәт. Көрнекі сурет: ANATOLII STEPANOV/AFP via Getty Images

Бейсенбіде, 7 қарашада Астана мен Алматыда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі, ауа температурасы -1 градусқа дейін төмендейді. Ауа райы болжамы OpenWeather порталында жарияланды.

Бүгін Алматыда жаңбыр мен қар жауады деп күтіледі. Ауа температурасы күндіз 5 градусқа дейін көтерілсе, түнде 0 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 3,8 м/с болады.

Астана тұрғындарына да аздаған қар жауады деп ескертілді. Күндіз ауа -3 градусқа дейін түссе, түнде -5 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 15,6 м/с.

Шымкентте бүгін жауын-шашын болмайды. Күндіз термометрлер 8 градусқа дейін көтерілсе, түнде -1 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 5,7 м/с болады.

Бүгін Қазақстанның екі мегаполисінде қар жауады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.