jitsu gif branding logo appbranding logo app

Шымкент полициясы жыл мезгілінің өзгеруіне байланысты тұрғындарға үндеу жасады (видео)

Шымкент қалалық ПД үндеуі
Шымкент қалалық ПД үндеуі. Видеодан кадр: instagram.com/ police_shymkent

Шымкентте жыл мезгілінің өзгеруіне байланысты ауа райы кез келген уақытта суытып, жол тайғақ болуы мүмкін. Осыған орай Шымкент қалалық ПД өкілдері тұрғындарға үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шымкент қалалық ПД мәліметінше, жол-көлік оқиғасын болдырмау үшін сақтық шараларын білу маңызды.

  • Жол жағдайын алдын ала тексеріңіз. Ауа райы болжамын қарап, 112 желісінен келген ескертулерге назар салыңыз;
  • Алдын ала көлік құралдарын қысқы мезгілге дайындап, дөңгелектерді ауыстырып, техникалық ақауларын жөндеңіз;
  • Ауа райына байланысты жылдамдықты азайтыңыз. Жолдың сипатына қарай баяу жүріңіз;
  • Алдыңызда келе жатқан көлікпен арақашықтықты сақтаңыз;
  • Қолайсыз жағдайлар туындаған кезде қауіпсіз жерге тоқтап, тынығып алыңыз;
  • Жол белгілері мен ережелеріне мұқият назар аударыңыз;
  • Көлік жүргізу кезінде ұялы телефонды пайдаланбаңыз және басқа да алаңдатушылық факторлардан аулақ болыңыз;
  • Тұманда көліктің алысқа жарық түсіретін шамын қоспаңыз. Тұманға түскен жарық көзге шағылыс әкелуі мүмкін.
Шымкент полициясы жыл мезгілінің өзгеруіне байланысты тұрғындарға үндеу жасады (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.