Зектілері

Шымкентте ерекше қажеттілігі бар тұрғындарға қолдау артып келеді

Жарияланған күні:

Шымкент қаласы
Шымкент қаласы. Фото: gov.kz

Бүгінгі таңда Шымкент қаласында 41 544 мүгедектігі бар азамат тіркелген. Олардың ішінде 4 614-і бірінші топтағы, 15 455-і екінші топтағы, 13 505-і үшінші топтағы азаматтар, сондай-ақ 18 жасқа дейінгі 7 970 бала бар. Мемлекет тарабынан олардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында жан-жақты шаралар қабылданып, қажетті құрылғылар мен жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстары белсенді жүргізілуде. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ӨКҚ мәліметіне сүйенсек, ерекше жандарды оңалтудың жеке бағдарламасы аясында жыл басынан бері 45 681 өтінім қабылданып, оның 37 970-і қамтамасыз етілген. Протездік-ортопедиялық құралдарға 8 203 өтінім түсіп, олардың 6 147-сі үлестірілді.

Сонымен қатар сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарға 20 779 өтінім тіркеліп, нәтижесінде 19 012 адамның қажеттілігі өтелген. Тірек-қимыл жүйесінде бұзылысы бар азаматтарға 1 347 өтінім бойынша қоларба қарастырылып, 1 197 адамға арба берілген.

Одан бөлек жеке көмекшінің, ымдау тілін үйретуші мамандардың қызметі бойынша 2 901 азамат мұқтаждық танытып, олардың 2 863-іне тиісті қызмет көрсетілген. Шипажайда сауықтыру емі үшін 8 471 адамға жолдама берілді.

Әлеуметтік қолдау құралдарын алу үшін мүгедектігі бар азаматтар қажеттіліктерін арнайы әлеуметтік портал арқылы тапсырыс бере алады. Сонымен қатар Бәйтереков көшесіндегі басқарма ғимаратында өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылған, мұнда тұрғындар портал арқылы өздеріне қажетті құрылғыларды таңдай алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2185079-shymkentte-erekshe-qazhettiligi-bar-turgyndarga-qoldau-artyp-keledi/