jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Шымкенттегі медицина ұйымдарында тәжікстандық дәрігерлер тәжірибе жинақтады

Тәжікстандық дәрігерлер Шымкентте
Тәжікстандық дәрігерлер Шымкентте. Фото: Ernur.kz

Шымкент қаласына Тәжікстан Республикасының денсаулық сақтау саласының өкілдері арнайы келді. Шетелден келген қонақтар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілдерімен бірге қаладағы медицина ұйымдары мен мектептердегі егу қабинеттерінің жұмысымен танысып, адам папилломасы вирусына қарсы вакцинацияны енгізу бойынша тәжірибе жинақтады. Бұл туралы Ernur.kz хабарлайды.

"Бірінші кезекте қазақ елінің жылы қабылдағаны, қонақжайлылығы және бүгін алған біліміміз үшін алғыс айтқым келеді. Иммундау күнтізбесінде жаңа вакциналарды қолдану халық арасында көптеген сұрақ туғызады және біз Қазақстанға әріптестеріміздің тәжірибесін қабылдау және осы вакцинацияны елімізде енгізу үшін келдік.

Тәжікстан Республикасы 2025 жылдан бастап адам папилломасы вирусына қарсы вакцина салуды қола алады. Біз қазір дайындық үстіндеміз", - дейді Тәжікстандағы иммунопрофилактика орталығының бас директоры Файзали Барот.

Айта кетейік, тәжікстандық медицина мамандарының қатысуымен өтіп жатқан тәжірибе алмасу жұмыстары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Денсаулық министрлігі, Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің ұйымдастыруымен өтуде.

Шымкенттегі медицина ұйымдарында тәжікстандық дәрігерлер тәжірибе жинақтады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.