Абай облысында ауа райына байланысты тасжол жабылды (видео)
Жарияланған күні:
Алматы-Өскемен тасжолында қарлы боран мен қатты жел салдарынан жүк көліктері мен жолаушылар көліктері үшін жол жабылды. Бұл туралы Абай облысының полиция департаменті хабарлайды.
Күшті жел мен қалың қарға байланысты "Алматы – Өскемен" автожолының Таскескен ауылынан Қалбатау ауылына дейінгі (683-967 км) учаскесі жүк және жолаушылар көліктері үшін уақытша жабылды.
Шектеу 10 қараша 16:30-дан бастап күшіне енеді және ауа райы жағдайлары жақсарғанға дейін жалғасады.
Абай облысының полиция департаменті жүргізушілерді сақ болуға және балама бағыттарды жоспарлауға шақырады.
Кейінірек, "ҚазАвтоЖол" өкілдері Telegram-дағы арнасында жолды 2024 жылғы 11 қараша сағат 06:00-де ашу жоспарланғанын хабарлады.
Абай облысында ауа райының бұзылуына байланысты Таскескен ауылының шекарасынан Қалбатау ауылына дейін жүк және жолаушы көліктердің қозғалысына шектеу қойылатыны хабарланды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2185436-abai-oblysynda-aua-raiyna-bailanysty-taszhol-zhabyldy/