Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҚАЖК өкілдері Бишімбаевтың "қашып кеткені" туралы ақпаратқа түсінік берді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Қуандық Бишімбаев сотта
Қуандық Бишімбаев сот залында: t.me/Jogargy_sot

Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитеті өкілдері экс-министр Бишімбаевтың "қашып кеткені" туралы желіде пайда болған қауесеттерге жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған хабарлайды.

Мұндай ақпарат YouTube-тегі арналардың бірінде жарияланған болатын.

"Сотталған Қ. Бишімбаевтың қашып кеткені туралы жалған ақпарат таралып жатыр. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Сотталушы жазасын қатаң тәртіптегі мекемеде өтеп жатыр", - деп сендірді ҚАЖК өкілдері.

Ведомство өкілдері тек ресми ақпарат сенуге шақырды.

"Бұл жалған ақпарат тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, кінәлілер жауапқа тартылады", - деді комитет өкілдері.

Қуандық Бишімбаев ісі

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-дағы арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД өкілдері күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Сонымен бірге оның туыс інісі Бақытжан Байжанов қылмысты жасырды және қылмыс туралы хабарламады деген күдікпен құрықталды.

Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты басты сот отырысы 27 наурызда басталды.

Сот процесі ашық режимде өтті, ол Жоғарғы соттың YouTube желісіндегі парақшасында онлайн көрсетілді.13 мамырда сот үкімімен Қуандық Бишімбаев 24 жылға, ал Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Алқабилер алқасының үкімімен:

  • Бишімбаев Қылмыстық кодекстің 110-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы, Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігінің 5) тармағымен кінәлі деп танылып, 24 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған;
  • Байжанов Қылмыстық кодекстің 432-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған.

10 маусымда Астана сотына Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі бойынша апелляциялық шағым түсті. 26 маусымда елордалық сотта Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі бойынша апелляциялық шағымды қарау басталды. Сот отырысы сол күні аяқталды, судья бірінші инстанциядағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2185500-qazhk-okilderi-bishimbaevtyng-qashyp-ketkeni-turaly-aqparatqa-tusinik-berdi/