jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

ШҚО-дағы Риддер қаласында қардың қалыңдығы 70 см-ге жетті (фото)

Рудныйда қалың қар жауды
Рудныйда қалың қар жауды. Фото: yk-news.kz

Қалада толассыз қар әлі жауып жатыр. Коммуналдық қызметшілердің айтуынша, 24 сағатқа жетпей 70 сантиметр қар жауған, деп хабарлайды YK-news.kz.

Кешеден бері қоғамдық көліктер кешігіп, тұрғындар кейбір аудандарда жолдың тазаланбағанын, сол себепті автобустар жүре алмағанын айтып шағымданып жатыр.

Адамдар жаяу қатынап жатыр. Тайғақ жерлерге арнайы материалдар себілсе де, үстін қайта қар басып қалуда. Көлікпен жүру мүмкін емес. Бүгін таңертең кейбір қалалық жолаушылар автобустары тек Тишинский шахтасына қатынады, себебі көктайғақтан жүру мүмкін болмаған.

Қалалық техника жолдарды тазартып жатса да, бірақ мұндай ауа райының қолайсыздығына төтеп беру қиынға соғып жатыр. Таңертеңнен бері жаяу жүргіншілер жолы тазартылмаған.

Айта кетейік, кеше сағат 17:00-де қарлы боран мен көктайғаққа байланысты Өскемен – Риддер – Ресей шекарасы жолының тіркемесі бар жүк көліктері мен жолаушылар автобустары үшін шектеу қойылды.

Еске салайық, Астананы қалың қар басты: елордада 8 балдық кептеліс пайда болғанын хабарлаған едік.

Рудныйда қалың қар жауып жатыр
Рудныйдағы қалың қар. Фото: yk-news.kz

ШҚО-дағы Риддер қаласында қардың қалыңдығы 70 см-ге жетті (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.