Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл – менің өмірлік миссиям": Көкшетауда 13 жылдан бері тәрбиеші боп еңбек етіп жүрген ер адам туралы не білесіз

Жарияланған күні:

Арман Досмағамбетов
Арман Досмағамбетов. Видеодан кадр: kokshetv.kz

Щучинск қаласында 13 жылдан бері балабақша тәрбиешісі болып жұмыс істейтін ер адам тұрады. Арман Досмағамбетов Kokshe телеарнасына берген сұқбатында бала тәрбиесімен және күтімімен негізінен анасы айналысуы керек" деген пікірмен келіспейтінін айтты.

Арман Досмағамбетов Щучинск қаласындағы балабақшалардың бірінде 2011 жылдан бері балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істейді. Ол 13 жыл қатарынан балдырғандармен тіл табысып, олардың жан-жақты дамуына үлес қосып келеді. Алғашында ата-аналарер адамның балабақшада тәрбиеші болып жүргенін қабылдай алмағанын жасырмайды.

"Мен баламды балабақшаға бергенде осылай ер адам әйел адам сияқты тәрбие бере алады деп ойлаған жоқпын. 2 ай ішінде менің балам өте сіңіп кетті. Балам Арман Кәрібайұлын өте жақсы көреді. Таңертең жыламай тұрады. Барғысы келіп тұрады. Балабақшаға берейін дегенде біздің бала "бармаймын" деп жылады. Сосын осы шағын орталықты көрейік деп келгенбіз. Бірінші күннен бастап шағын орталыққа үйреніп кетті. Біз соған өте қуаныштымыз. Арман Кәрібайұылына көп-көп рақмет айтамыз. Алғысымыз шексіз ол кісіге",- деді ата-ана Диана Құржыбаева.

Уақыт өте келе оның тобына ұл-қызын бергісі келетін ата-аналар көбейген. Арман Досмағамбетовтың негізі мамандығы – бастауыш сынып мұғалімі. Бірақ ол ұстаздық жолды емес, тәрбиешілікті таңдаған. Осылайша, бұл қызметті "тек әйелдердің мамандығы" деген пікірді жоққа шығарғысы келіпті.

"Қазір қоғамда неше түрлі әкелер бар екенін көріп отырмыз. Сол әкелерге үлгі болсын деп мен осы жұмысты таңдадым. Бұл — менің менің өмірлік миссиям: өйткені елге пайдалы болу, қоғамға пайдалы болу, ата-аналарға пайдалы болу. Мына өсіп келе жатқан ұрпаққа пайда беруді өзіме үлкен бір міндет, мақсат және миссия деп таңдап алдым. Махаббат, мейірім, бауырмалдық керек. Мысалы, таңертең балаларды отырғызғаннан кейін біз балалармен міндетті түрде амандасамыз. Одан кейін әр баланы құшақтап жаңағыдай қалың білуге тырысамын. "Қалың қалай, денсаулығын қалай, кіммен келдің?" деп сұраймын. Осындай әдіс-тәсілдерді қолданамын. Өйткені бұл баламен арадағы жақын байланысты көрсеткенде, бала өзі тәрбиешіге қарай тартылады, жақсы көреді", - деді балабақша тәрбиешісі Арман Досмағамбетов.

Әріптестерінің сөзіншге, бөбектердің сүйіктісіне айналған тәрбиеші ағайдың ұжымдағы беделі жоғары. Өз ісін жақсы көретін азаматты әріптестері ерекше құрметтейді.

Ол "Бала тәрбиесімен және күтімімен негізінен анасы айналысуы керек" деген пікірмен келіспейді. Керісінше, бұл ретте ер адамның атқаратын рөлі маңызды деп есептейді.

Арман Кәрібайұлы – Ақмола облысындағы мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеші болып жұмыс істейтін жалғыз ер азамат. Ол көптеген байқауда жүлделі орын иеленіп, өзінің білікті маман екенін сан мәрте дәлелдеген.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысындағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші болып жұмыс істеп жүрген ер адам туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2185656-arman-karibaiulyna-kop-kop-raqmet-13-zhyldan-beri-balabaqsha-tarbieshisi-bolyp-isteitin-kokshetaulyq-er-adam-turaly-ne-bilemiz/