jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

ШҚО-да қар барысы камераға жақыннан түсіп қалды (видео)

Қар барысы
Қар барысы. Видеодан кадр: t.me/qazfwc

Шығыс Қазақстан облысындағы "Катонқарағай" ұлттық саябағында тағы бір барыс камераға түсіп қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Экология министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде тағы да қар барысы камераға түсірілді.

Сирек кездесетін жыртқышты Аршаты орманшылығында орнатылған фототұзақ түсіріп алған.

"Бұл жануар – күш пен еркіндіктің символы, парктің нағыз мақтанышы. Әрбір осындай кадр Катонқарағай ұлттық табиғи паркінің жануарларды қорғаудағы маңыздылығын еске салады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, қазан айының басында "Көлсай көлдері" ұлттық саябағында қар барысының ұрғашысы және оның бір жасар аланы фототұзаққа түсіп қалған еді.

Кейін Шарын ұлттық табиғи саябағында таутеке мен түлкі камераға түсіп қалғанын жаздық.

ШҚО-да қар барысы камераға жақыннан түсіп қалды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.