jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте жоғалып кеткен сегіз жасар бала табылды (видео)

Шымкентте 8 жасар бала табылды
Шымкентте 8 жасар бала табылды. Видеодан кадр: instagram.com/ police_shymkent

Шымкентте жоғалып кеткен сегіз жасар бала табылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ПД мәліметіне сүйенсек, 8 жасар бала 11 сәуір күні таңғы уақытта мектепке қарай шыққан. Алайда оның мектепке бармағаны анықталып, анасы баласын өздігінше іздеген. Нәтиже шықпаған соң тұрғын полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген.

"Жоғалған баланы жедел-іздестіру шараларына патрульдік полиция полкінің қызметкерлері: 880 автоэкипаж қызметкерлері полиция аға лейтенанты М. Иманбаев және полиция аға лейтенанты М. Халмұратов кірісті", - делінген Шымкент қалалық ПД Instagram-дағы парақшасында.

Жүргізілген іздеу жұмыстарының нәтижесінде жеткіншек Қаратау ауданы Назарбаев көшесінде адасып жүрген жерінен табылды. Бала аман-есен анасына тапсырылды.

Өз кезегінде баласы табылған келіншек тәртіп сақшыларына ризашылығын білдірді.

Шымкентте жоғалып кеткен сегіз жасар бала табылды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.