jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Шу қаласында тойды уақытында бастағандарға бағалы сыйлық беріледі

Той иелеріне сыйлық жасау сәті
Той иелеріне сыйлық жасау сәті. Скриншот: Instagram.com/shukala_jastar

Шуда ерте басталған тойдың иесіне кір жуғыш машина сыйға тартылды. Сыйлықты қала әкімдігі арнайы тағайындаған. Шу қалалық Жастар орталығы өкілдері KAZ.NUR.KZ тілшісіне бұл шара несімен маңызды екенін түсіндірді.

Шу қалалық жастар орталығының Instagram-дағы парақшасында тойды ерте бастағандарға сыйлық табысталғаны түсірілген видео жарияланды.

"Тойдың ерте басталуы, сондай-ақ ерте аяқталуы күн тәртібіндегі өзектегі мәселе ретінде қаралып, төрт тарапты меморандумға қол қойылған болатын.

Сол мақсатта Шу қаласындағы мейрамханаларды аралап, ең ерте басталған тойға барып, той иесіне арнайы сыйлық табысталды. Шу қаласы әкімінің орынбасары Төлендиев Болатжан Бақытұлы арнайы құттықтауын сөзін айтып, сөз мазмұнында тойды ерте бастауды да негізге алды. Өз кезегінде той иелері де алғыс білдірді. Келесі сыйлық алар той сіздікі болуы бек мүмкін. Баршаңызды тойға ерте баруға, ерте бастауға шақырамыз!", - делінген видео сипаттамасында.

Бұған таяуда өткен ауқымды мәжілістегі көтерілген мәселе себеп екен. Бұл мәжіліске атқарушы орган өкілдері, аудан қариялары, халық қалаулылары, имам-молдалар, тәртіп сақшылары, мейрамхана-кафе иелері мен әкімшілері, білім қызметкерлері өзге де тұлғалар қатысқан.

Шу қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ардагер теміржолшы Мелс Бейсембаев ауданда өтіп жатқан той-томалақтар турасында мәселе көтерген. Көптеген дүниеге қарны ашатынын жеткізген қария көпшілікті "Тәртіпке бас иген құл болмайды" деген сөздің түп-төркініне үңілуге шақырған.

Мұнан кейін аудандық ардагерлер кеңесі жанындағы Аналар алқасының төрайымы, зейнеткер ұстаз Айжан Иманова мінбеге көтеріліп, көңілі толмайтын дүниелерді айтқан.

"Аталмыш меморандумның мақсаты – Шу ауданында орналасқан мейрамхана және өзге де қоғамдық ойын-сауық орындарында мәдени және рухани құндылық нормаларын сақтап, қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, өскелең ұрпаққа ізгі қасиеттерді дәріптеу. Аудан басшылығы, қариялар кеңесі, кәсіпкерлер мен асабалар сынды төрт тарап арасында түзілген келісім негізі тойды, ойын-сауық кештерді сағат 00:00-ге дейін аяқтауға түйінделген", - делінген әкімдік хабарында.

Шу ауданы әкімінің орынбасары Найман Кенженханұлы Сұлтанбаев KAZ.NUR.KZ тілшісіне берген сұқбатында тойды уақытылы бастап, 00:00-ге дейін аяқтау қылмыс санын азайтатынын айтты.

"Тойды ерте бастап, ерте аяқтаудың мақсаты – қылмыстың алдын алу. Бұл бір. Өйткені тойлар 21:30-22:00-де басталып жүр. Екіншіден, біз идеологиялық салаға жауапты болған соң, той саласындағы кәсіпкерлермен, асаба-бишілермен, мейрамхана даяшыларымен, фотографтармен келісіп, алдағы уақытта осы тойдағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелерін көтеріп жатырмыз.

Елдің салт-дәстүрі, ысырапшылдық мәселелерін көтердік. Бұл тек тойдың өтетін уақытына ғана емес, жалпы тойдағы салт-дәстүріміздің сақталуы, орашолақ зиян әдеттерден арылуды мақсат еттік. Жастар мейрамханаларда жұмыс істесе, той уақытылы аяқталуынан олардың үйіне ерте қайтуына да бұл бастамамыз пайдасын тигізіп отыр", - дейді әкімнің әлеуметтік саладағы орынбасары.

Оның сөзінше, тойды уақытында бастағандарға берілген сыйлыққа бюджет қаражаты жұмсалмайды. Себебі бұл бастамаға кәсіпкерлердің өзі қолдау білдіріп, демеушілік жасаған.

Шу қаласында тойды уақытында бастағандарға бағалы сыйлық беріледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.