Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте 6 мыңнан астам ардагер мен зейнеткерге шипажайға жолдама берілді

Жарияланған күні:

Қарияның қолы. Көрнекі сурет
Қарияның қолы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Шымкентте 6 мыңнан астам ардагер мен зейнеткерге шипажайға жолдама берілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әкімдік мәләметіне сүйенсек, қалалық мәслихаттың шешімімен жыл сайын зейнеткерлерді санаторлық-емдеумен қамтамасыз ету мақсатында шипажайға 5 мың жолдама беріледі.

Оған қоса қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты 70 орынға лайықталған "Ізетті зейнеткер" сауықтыру кешені ашылғаннан кейін жылына тағы 2000 зейнеткерді сауықтыру шипажайымен қамту мүмкіндігі туған. Осылайша қалада жалпы 7000 ардагер мен зейнеткердің шипажайда сауықтыру емін қабылдауына жағдай жасалып отыр.

Биыл мемлекеттік тапсырыс аясында 4 шипажаймен келісімшарт жасалған. Олар – Түркістан облысы Сайрам ауданындағы "Ақсу демі", Жамбыл облысындағы "Айша-Бибі", Жетісай қаласындағы "Күлпаршын" және қала ішіндегі "Денсаулық" шипажайы. Бұл шипажайларға 10 айдың қорытындысы бойынша 6 220 жолдама берілді. Оның ішінде "Ізетті зейнеткер" сауықтыру кешенінде 1 655 зейнеткер сауықтыру емін алды.

Қазір жолдама беру кезегі Geo-shym.kz порталы арқылы автоматтандырылған. Үйден шықпай-ақ порталға тіркелеуге және кезек ретін ЖСН нөмірі мен тегін жазу арқылы бақылауға болады.

Айта кетейік, қазіргі таңда қалада 94 664 зейнеткер тіркелген. Оның 2-і ҰОС ардагері, 1 687-і тыл еңбеккері. Сонымен қатар 66 264 көпбалалы ана мен 13 589 "Алтын алқа", "Күміс алқа" белгілерімен марапатталған аналар бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2186258-shymkentte-6-myngnan-astam-ardager-men-zeinetkerge-shipazhaiga-zholdama-berildi/