Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көз қарашығы немесе саусақ ізі бойынша: енді қазақстандықтар рейс алдында биометриядан өтеді

Жарияланған күні:

Биометрия
Биометрия. Көрнекі фото: metamorworks / Getty Images

Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Digital Transport Day кулуарында 2025 жылдан бастап Қазақстанда азаматтық авиация саласында биометрия енгізілетінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Азаматтық авиация саласында биометрияны енгізу жоспарланып отыр. Жабдық сатып алынды, қазір іске қосу-баптау жұмыстары жүргізіліп жатыр, содан кейін біз оны Цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Egov бағдарламасымен біріктіретін боламыз және биометрия көмегімен: саусақ ізі, көз қарашығы арқылы тексеру аймағынан өтеміз. Біз 2024 жылдың соңына дейін (енгізуді – ред.ескертпесі) жоспарлап отырмыз, бірақ жабдықты жеткізудің кешеуілдеуіне байланысты 2025 жылдың бірінші жартыжылдығына ауыстырамыз.

Бұл жолаушыларға арналған. Сіз (рейске – ред.ескертпесі) онлайн тіркелдіңіз, содан кейін құжат бойынша немесе биометрия бойынша (тексеруден өтуді – ред.ескертпесі) таңдайсыз. Жабдыққа жақындайсыз – көз қарашығыңызды немесе саусағыңызды жақындатасыз, ол оқиды, жеке басыңызды растайды, содан кейін өте бересіз", - деді вице-министр.

Министрлік өкілі бұл ұшу алдында жеке куәлікті тексеруге ұсынуға балама болатынын айтты.

Сондай-ақ, көлік вице-министрінің айтуынша, бұл дербес деректерге ешкім қол жеткізе алмайды.

"Сіз басқан кезде сұрай салу Egov-қа түседі, сіз не сіз емес екеніңізді сол жерде растайды. Банкке келгендей, дербес деректерді өңдеуге келісіміңізді бересіз", - деп атап өтті Мақсат Қалиақбаров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2186415-koz-qarashygy-nemese-sausaq-izi-boiynsha-qazaqstandyqtar-reis-aldynda-biometriiadan-otetin-bolady/