jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Қатты жаңбыр жауып, арты қарға ұласады: Алматы әкімдігі тұрғындарға үндеу жасады

Қар
Қар жауып тұрған сәт. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда 13 қарашадан 14 қарашаға қараған түні қатты жаңбыр жауады деп болжанды. Осыған байланысты қала әкімдігі тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдік ақпаратынша, Алматы қаласында 13 қараша түннен бастап 14 қараша таңға дейін жаңбыр жауып, арты қарға ұласады, ауа температурасы -3 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.

"Жолда кептеліс болу қаупіне байланысты қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды ұсынамыз. Жауын-шашын кезінде көктайғақ болуы мүмкін, сол себепті автокөлік жүргізушілерінен көлігіне қысқы шина салып, жылдамдықты асырмауды, арақашықтықты қатаң сақтауды, ал жаяу жүргіншілерден қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз", - делінген хабарда.

Осы орайда, әкімдік ақпаратынша, көктайғақтың алдын алу мақсатында 160 құмшашқыш техника кезекшілікке дайын. 490 арнайы техника және 1,2 мыңға дейін жұмысшы жұмылдырылады. Аудандық әкімдіктерде жұмыс барысын қадағалау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады.

"Қазгидромет" болжауынша, 13 қараша түн ортасынан таңға дейін аралас жауын-шашын күтіледі. Түнде ауа температурасы +2 градус, күндіз +5…+7 градус шамасында болады. 13 қараша түстен бастап 14 қараша таңға дейін орташа, кейде қатты жауын-шашын, түнде қар жауады деп болжануда. 14 қарашада түнде және күндіз ауа температурасы минус 1-3 градусқа дейін төмендейді.

Қатты жаңбыр жауып, арты қарға ұласады: Алматы әкімдігі тұрғындарға үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.