Шымкент май зауыты жанындағы көне саябақ жаңартылды
Жарияланған күні:
Шымкентте Есіл және Камал көшелерінің арасындағы 0,5 га жерді қамтитын аумақта саябақ пайдалануға берілді. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлайды.
Ұлт саулығын жақсарту мақсатында саябаққа 200 ш.м құрайтын заманауи баскетбол алаңшасы, балалар ойын және спорт (тренажер, воркаут) алаңшалары, 3 әткеншек, 2 теннис үстелі, 1 шахмат үстелі орнатылды.
Жаңа серуендеу аймағында 4000 ш.м аумақ көгалдандырылып, шынар, гуджу, каштан ағаш көшеттері мен көпжылдық сәндік гүлдер отырғызылды.
Сондай-ақ саябаққа ауызсу бұрқағы, тегін автотұрақ, 8 орындық, 8 қоқыс жәшігі, 6 пергола, 40 жарықшам бағанасы, 8 декоративті тас орнатылды. Аталған аумақта 10-нан астам көпқабатты үй мен 500-ден астам жеке тұрғын үй, 2000-нан астам тұрғын бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2186489-shymkent-mai-zauyty-zhanyndagy-kone-saiabaq-zhangartyldy/