Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысындағы ауылдардың бірінде оқушылар қашықтан оқып жатыр

Жарияланған күні:

Оқушы
Оқушы. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы Құйылыс ауылында мектептегі қазандықтың бұзылуына байланысты оқушылар қашықтан оқытуға жіберілді. Балалар бірнеше күннен бері осындай режимде оқып жатыр, деп жазады Kazinform.

Биыл ауыл мектебінде көмірмен жанатын қазандықтар электрмен жылытуға ауыстырылған, сол кезде сорғы жанып кеткен.

"Трансформатордан қазандыққа электр қуатын қостық. Сол кезде сорғы жанып кетті. Мектеп оқушылары қашықтан оқытуға ауыстырылды. Бұзылған сорғыны жөндедік. Оны іске қосқаннан кейін сабақ қалыпты режимде жалғасады", - дейді өңірлік білім басқармасының бөлім басшысы Ләззат Ордабаева.

Қазандық істен шыққан мектепте барлығы 121 оқушы оқиды. Мектеп директоры Ғазиз Самат мән-жайды айтып берді. Оның айтуынша, көктемгі су тасқынынан кейін әкім жылуды электр қуатына ауыстыруға уәде берді

"Шешім қабылданды. Бірақ қазанның 11-і мен 31-і аралығында көмір жақтық. Сосын балалар бірінші тоқсаннан кейін демалысқа шықты. Осы кезде қазандық электр қуатымен жылытуға қосылды. Ақау шығып, екі күннен кейін жөнделді. Қазір температура қалыпты. Мектеп екі қабаттан тұрады. Биыл балабақша қосылды. Балабақша тәрбиеленушілері мен оқушылар екі бөлек есіктен кіреді", - деді ол.

"Жылу қазандығын көмірден электрге ауыстыру жұмыстары неге жазда жүргізілмеген?" деген сауалға директор нақты жауап бере алмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2186558-aqtobe-oblysyndagy-auyldardyng-birinde-oqushylar-qashyqtan-oqyp-zhatyr/