jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Полицейлер ата-аналарға үндеу жасады (видео)

Қыста сырғанау
Қыста сырғанау. Көрнекі фото: pixabay.com

Ішкі істер министрлігі өкілдері ата-аналарды қыс мезгілінде балалар өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Үндеу Ішкі істер министрлігінің Polisia.kz ақпараттық медиа-порталында жарияланды.

"Құрметті ата-аналар! Қалың қардың түсуімен бірге балалардың қауіпсіздігіне көңіл бөліңіз.

Жолдың жанында шанамен сырғанау сияқты қысқы ойындар қауіпті болуы мүмкін. Балалар көбіне айналасындағы қатерді байқамайды және сырғанақтан тікелей жолға қарай шығып кетуі ықтимал. Бұл олардың жарақаттануына немесе жол-көлік оқиғаларына әкелуі мүмкін", - дейді ведомство өкілдері.

Министрлік өкілдері балаларға мына негізгі ережелерді түсіндіруге шақырды:

  • тек тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарымен жүру керек;
  • жолдың жанында ойнауға болмайды;
  • жолды кесіп өту кезінде екі жаққа да қарау керек.

"Қыста балаларды жүргізуші көретіндей ашық түсті, көзге көрінетін киім кигізіңіз. Балаларымыздың қауіпсіздігін бірге қамтамасыз етейік. Сіздің жанашырлығыңыз бен қырағылығыңыз көптеген жазатайым оқиғаның алдын алады", - деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Полицейлер ата-аналарға үндеу жасады (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.