jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Туабітті көз ауруына шалдыққан шымкенттік жігіт миллиондап табыс тауып жүр (видео)

Бекжан Нұрадин
Бекжан Нұрадин. Видеодан кадр: 24.kz

Туабітті көз ауруына шалдыққан 22 жастағы шымкенттік жігіт әлеуметтік желі арқылы миллиондап табыс тауып жүр. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Телеарна мәліметінше Бекжан Нұрадин видеохостингке контент жасайды. Тіпті танымал каналдарға техникалық қолдау көрсетеді. Елге белгілі әншілердің интернеттегі парақшаларын жүргізіп, кинокомпаниялардың өнімдеріне қаралым жинауға көмектеседі.

Сонымен қатар өз білгенін өзгелермен бөлісіп, тренингтер ұйымдастырады. Зағип болса да, заман сұранысына бейімделген жас маман жоғары оқу ордасында журналист мамандығы бойынша білім алып жатыр.

Келешекте өзі сияқты тағдыр тауқыметін тартқан жандардың жігерін жанитын арнайы репортаждар мен көркем фильмдер түсіргісі келеді.

"Монетизацияны өшіріп тастады немесе каналым блогқа кетті деген сияқты. Сол техникалық жағдайларға қолдау көрсетемін. Ал үшіншісі мен консультация беремін. Қазіргі уақытта соңғы 1-2 айда маған сахнада спикер болуға, спич айтуға сұраныстар түсіп жатыр. Соның арқасында тағы да төртінші табыс көзі ретінде мен аудиторияға өзімнің білімімді бөлісіп, сабақтар өтіп жатырмын", - дейді әлеуметтік желі сарапшысы Бекжан Нұрадин.

Туабітті көз ауруына шалдыққан шымкенттік жігіт миллиондап табыс тауып жүр (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.