jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Қызыл кітапқа" енген сирек кездесетін сілеусін Шарын ұлттық саябағында көзге түсті

Түркістан сілеусіні
Түркістан сілеусіні. Фото: instagram.com/qazaqormany

"Қызыл кітапқа" енген сирек кездесетін Түркістан сілеусіні Алматы облысындағы Шарын ұлттық саябағында көзге түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Жоспарлы рейдтік іс-шара барысында Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (МҰТП) инспекторлары Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін Түркістан сілеусінін кездестірді.

Бұл оқиға аймақтың биоалуантүрлілігі мен экожүйесін сақтауға бағытталған шаралардың тиімділігін растайды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, жаөында ШҚО-да қар барысы камераға жақыннан түсіп қалды.

Қазан айының басында "Көлсай көлдері" ұлттық саябағында қар барысының ұрғашысы және оның бір жасар аланы фототұзаққа түсіп қалған еді.

Кейін Шарын ұлттық табиғи саябағында таутеке мен түлкі камераға түсіп қалғанын жаздық.

"Қызыл кітапқа" енген сирек кездесетін сілеусін Шарын ұлттық саябағында көзге түсті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.