jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Шымкент ТЖД өкілдері өрт-тактикалық оқу-жаттығуларына байланысты үндеу жасады

Өрт-тактикалық оқу-жаттығулары
Өрт-тактикалық оқу-жаттығулары. Фото: instagram.com/ shymkent_tjd

14 қараша күні Шымкенттегі аудандардың бірінде өрт-тактикалық оқу-жаттығу ұйымдастырылмақ. Бұл туралы қалалық ТЖД өкілдері хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақпарат Шымкент қалалық ТЖД Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

"2024 жылғы 14 қараша 09 сағат 30 минутта Шымкент қаласы Абай ауданы, Бақпаев көшесі, №51/3 мекенжайында орналасқан "Аэропорт Шымкент" АҚ аумағында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізіледі.

Оқу-жаттығу өрт сөндірушілердің кәсіби дағдыларын арттыру және нысан қызметкерлерін төтенше жағдай орын алған жағдайда дұрыс іс-қимыл жасауды үйрету мақсатында өткізілуіне байланысты үрейленбей, тыныштық сақтауларыңызды сұранамыз", - делінген хабарламада.

Шымкент ТЖД өкілдері өрт-тактикалық оқу-жаттығуларына байланысты үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.