jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алматы маңындағы тауларда қар көшкіні жүруі мүмкін

Қар көшкіні
Қар көшкіні. Көрнекі фото: Алматы қаласы ТЖД ресми сайты

Алматы облысының тауларында қалың қар жауды. Осыған байланысты синоптиктер туристерге қар көшкіні болуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

13-15 қарашада Алматының Үлкен және Кіші өзендері бассейндерінде жауын-шашынның көп түсуіне байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін. Синоптиктер қар көшкіні болуы қаупіне байланысты тұрғындарды қар басқан беткейлерге шықпауға шақырды.

Алматы облысы ТЖД мәліметінше, кей кезде көшкіннің көлемі жүз мың және тіпті миллиондаған кубометрлерге жетеді. Салмағы ұлғайған сайын қар көшкін қаттырақ жылдам түсіп, адам өміріне қауіп туындауы мүмкін.

Құрғақ көшкін құрғақ қардан тұрады, аязды күні жүреді. Бұл ең жылдам көшкін (жылдамдығы сағатына бірнеше километрге  жетеді), және одан құтылу мүмкін емес.  

Тоқтағанда қар тез қатады да, нәтижесінде қардың жоғарғы қабаты тығыздалып, қатаяды.

Көшкін кезінде қосымша әсер ететін келесі факторлар:

  • ашық, шуақты күн,
  • температураның күрт өзгеруі,
  • қатты жел немесе жаңбыр, тіпті қатты дауыстар.
  • ең қауіпті күндізгі сағаттар, жылудан қар еріп, төмендейді.
Алматы маңындағы тауларда қар көшкіні жүруі мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.