jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

ІІМ өкілі қазақстандықтар көлік жүргізу курстарынан формалды түрде өте алмайтынын айтты

Жүргізуші куәлігі
Фото: "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қасым Сұлтанбаев көлік жүргізу бойынша курсты аяқтағаны туралы куәлікті электронды нұсқаға толық көшіру бойынша жұмыс атқарылып жатқанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының сөзінше, жүргізушілер курсын аяқтағаны туралы куәлік электронды нұсқаға көшіріледі.

Жүргізушілерді даярлау сапасын арттыру мақсатында уәкілетті және мүдделі мемлекеттік органдар шаралар қабылданған. Жүргізушілердің өз бетінше дайындалуы және онлайн оқуы алынып тасталды.

Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, автомектептерді және үміткерлерді тіркеу Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйесінде жүргізіледі, бұл үміткерлерге курсты аяқтау туралы куәліктерді мерзімінен бұрын беру және оларды қолдан жасау мүмкіндігін болдырмайды.

"Оқу курсын аяқтағаны туралы куәлікті электронды нұсқаға толық көшіру бойынша жұмыс атқарылуда, ол өз кезегінде жалған немесе оларды формальды түрде алуды болдырмайды. Сол сияқты жалған медициналық қорытындыларды болдырмау мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі анықтамаларды электрондық форматқа ауыстырды", - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар жүргізушілерді даярлау сапасын арттырудың тиімді шараларының бірі —автомектеп ашу қызметін рұқсат беру тәртібіне қайтару.

ІІМ өкілі қазақстандықтар көлік жүргізу курстарынан формалды түрде өте алмайтынын айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.