jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте полицейлер жоғалған бауырларды тауып, отбасына қайтарды (видео)

Шымкентте полицейлер жоғалған балаларды тапты
Шымкентте полицейлер жоғалған балаларды тапты. Видеодан кадр: instagram.com/ police_shymkent

Шымкентте полицейлер жоғалған бауырларды тауып, отбасына қайтарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ПД Instagram-дағы мәліметіне сүйенсек, 3 және 5 жастағы ұл балалардың жоғалғаны туралы хабарлама полицияға кешкі сағат 18:00 шамасында түскен. Анасының айтуынша, балалар аулада ойнап жүрген.

Қаратау АПБ қызметкерлері бірден іздестіру іс-шараларына кіріскен. Ағайындылардың жүрген жерін анықтау үшін полицейлер көршілерден сұрастырып, мекенжайға жақын маңдарды аралап шықты. Қабылданған шаралардың нәтижесінде балалар бір сағат ішінде көрші аулада табылды.

Бүлдіршіндер анасына аман-есен қайтарылған. Қала тұрғыны өз кезегінде офицерлерге жедел жұмысы үшін шын жүректен алғысын білдірді.

Осы ретте полиция балалардың қауіпсіздігі ересектердің басты міндеті екенін еске салды және қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін оларды қараусыз қалдырмауды сұрады.

Шымкентте полицейлер жоғалған бауырларды тауып, отбасына қайтарды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.