jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

"Алматы Арена", "Халық Арена" және басқа да спорт кешендері мемлекет меншігіне қайтарылды

"Алматы Арена" спорт кешені
"Алматы Арена" спорт кешені. Фото: olympic.kz

Қазақстанның бес облысындағы бірнеше спорт кешені мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаров мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бес өңірде спорт нысандарын тиімсіз басқару жағдайлары анықталды, бірқатар нысан мемлекет меншігіне қайтарылды. Атап айтқанда, Атырау облысында 2018 жылы "Бейбарыс Атырау" хоккей клубын басқаратын жеке кәсіпкерге негізсіз берілген мұз сарайы. Алматыда "Алматы Арена" мен "Халық Арена" коммуналдық меншікке қайтарылды, бұған дейін олар МЖӘ шеңберінде жеке ұйымдарға өтеусіз басқаруға берілген болатын", - деді Данияр Биғайдаров Антикор брифингінде.

Сонымен қатар, ол Батыс Қазақстан облысында жеке ұйымның сенімгерлік басқаруындағы футбол алаңы бар стадионның да мемлекетке қайтарылғанын атап өтті. Шымкентте 7 жыл бұрын 120 млн теңгеге сатылған "Мұз сарайы" спорт кешенінің үлесі мемлекеттік меншікке қайта берілді.

"Жамбыл облысында 2017 жылы жекешелендірілген және кейіннен "Айша бибі" су добы клубы" ЖШС болып қайта құрылған нысан да мемлекет меншігіне өтті", - деді спикер.

Автор: Динар Мұрат

"Алматы Арена", "Халық Арена" және басқа да спорт кешендері мемлекет меншігіне қайтарылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.