jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Елорда тұрғыны аязды күні 21 шақырымды киімсіз жүгіріп өтті

Руслан Мәмбетов
Руслан Мәмбетов. Видеодан кадр: qazaqstan.tv

Руслан Мәмбетов Астананың 22 градус аязында 21 шақырымды жүгіріп өткен жалғыз қазақстандық. Оның бұл көрсеткіші Гиннесс рекордтар кітабына енген, деп хабарлайды "Qazaqstan" Ұлттық телеарнасы.

Телеарнаның Telegram-дағы ресми арнасында пайда болған ақпаратқа сенсек, Руслан бес жыл бұрын аязды күні алыс қашықтықты еңсеруге бел буған.

"Маған 22 градус түк емес. Алғашында қызуым көтерілді. Кейін денем үйренді. Мен - моржбын. Қарға шомыламын, мұздай суға да түсемін", - деді ол.

Оның 11 және 14 жастағы ұлдары да өзімен бірге шынығады.

"Суық күнде киімсіз жүгіру қорқынышты. Бірақ денсаулыққа пайдалы. Көpқарасым оң да, теріс те емес", - деді кенже ұлы.

Ал Русланның үлкен ұлы спорттың бұл түріне аса қызығушылығы жоқ екенін айтты.

"Маған бұл спорт ұнамайды. Бірақ жүгіріп келгеннен кейін өзімді сергек сезінемін. Уақыт өте жақсы көріп кететін шығармын", - деп түйіндеді тұңғышы.

Астана тұрғыны спорттың бірнеше түрімен айналысады. Жүгіреді, жұдырықтасады, велосипед те тебеді.

Елорда тұрғыны аязды күні 21 шақырымды киімсіз жүгіріп өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.