jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қостанай облысында қонақ асын беруге тыйым салу ұсынылды

Діни рәсімдерде ысырапшылдыққа жол бермеу және оның алдын алу жөнінде конференция
Діни рәсімдерде ысырапшылдыққа жол бермеу және оның алдын алу жөнінде конференция. Фото : muftyat.kz

Қостанай облысында діни рәсімдердегі ысырапшылдықты азайту мақсатында жаңа талаптар енгізілді. Бұл шешім "Аймағанбет қажы Спанұлы" мешітінде өткен конференция барысында қабылданды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚМДБ сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облыстық өкілдігі ұйымдастырды.

Қостанай облысының бас имамы Бектұрсын қажы Торғайбайұлының айтуынша, жаңа шешімдер діни рәсімдердегі артық шығындарды қысқартуға бағытталған.

Олардың негізгілері:

  • қонақ асын (жаназадан бір күн бұрынғы берілетін кешкі асты) тоқтату; 
  • ас мәзірін (бауырсақ, нан, қант, кәмпит-піспенан, су, шәй, ыстық тамақ) бірізділікке салу; 
  • ҚМДБ-ның "Қамқор-шарапат" салттық қызмет көрсету орталығының бекіткен нормалары бойынша зират көтеру; 
  • марқұмның жылдық астарында көрсетілетін бейнероликтердің әуеніне назар аудару, бейнеде алкогольді ішімдігі бар фото не видео көріністердің, әуреті ашық киімдердің болмауын қадағалу; 
  • жаназа астарын жиналысқа айналдырмау, сәйкесінше, онда үш адамнан артық кісіге сөз бермеу.

Авторы: Динар Мұрат

Қостанай облысында қонақ асын беруге тыйым салу ұсынылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.