jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Екібастұздағы МАЭС-1 стансасында түтін шықты: Энергетика министрлігі түсініктеме берді

Екібастұздағы ЖЭО-дан шыққан түтін
Екібастұздағы ЖЭО-дан шыққан түтін. Фото: qazaqstantv

Екібастұздағы МАЭС-1 стансасының мұржасынан түтін шықты. Салдарынан стансадағы электр қуатын өндіру көлемі азайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Экибастұз МАЭС-1" ЖШС-не тиесілі №1 мұржаның оқпаны бойындағы қарау люктерінен газ түтін газдарының қысқа мерзімді шығуы.

Себебін анықтау мақсатында арнайы ұйым тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін еліміздің басқа электр станцияларында өндірісті алдын ала ұлғайту ұйымдастырылды. Аталған жағдай тұтынушыларды электрмен және жылумен жабдықтауға еш әсерін тигізбейді", - делінген Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарламасында.

"Қазақстан" ұлттық телеарнасының мәліметінше, Екібастұздағы МАЭС-1 стансасындағы электр қуатын өндіру көлемі азайды. Қазір 1777 МВТ беріп тұр. Себебі №3 энергоблок жұмысы мәжбүрлі түрде тоқтатылды. Бұл жөнінде станцияның жұртшылықпен байланыс бөлімі жазбаша ресми ақпарат берді.

Айта кетейік, кеше станциядағы қою түтін мұржаның жан-жағынан атқылап шығып жатқаны жайлы бейнетүсірілім тарады. №3 энергоблок бүгін түнгі сағат 4-те электр қуатынан ажыратылды. Енді мұжа сегіз сағат бойы суытылады. Содан кейін мамандандырылған мекеме қызметкерлері мен сарапшылар ішке кіріп, қою түтіннің бықсуының нақты себебін анықтап көрмек.

Станция осы жылдың желтоқсан айына дейін күрделі жөндеуден өтіп, №1 энергоблокты іске қосуды жоспарлаған еді. МАЭС-1 тәулігіне 4000 МВТ қуат өндіруге қауқарлы. Кәсіпорында 8 энергоблок бар. Мұржадан ақау шыққанға дейін станция 2700 МВТ қуат өндірген.

Екібастұздағы МАЭС-1 стансасында түтін шықты: Энергетика министрлігі түсініктеме берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.