jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Шымкент әкімі білім беру нысандарын аралап, бірқатар ескерту айтты (видео)

Ғабит Сыздықбеков
Ғабит Сыздықбеков білім беру нысандарын аралап жүр. Видеодан кадр: instagram.com/ rsk_shymkent

Шымкент қаласының әкімі білім беру нысандарындағы жөндеу жұмыстарының сапасын тексерді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Шымкент қалалық ӨКҚ Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қала әкімі бірқатар білім беру мекемесін аралап, жүргізіліп жатқан жөндеу және абаттандыру жұмыстарын бағалаған.

"Қаратау ауданындағы А.Сейдімбек атындағы №80 IT мектеп-лицейінде күрделі жөндеу жұмыстарының сапасы қанағаттанарлықсыз деп танылып, мердігерге бір апта ішінде барлық кемшіліктерді жою тапсырылды.

Әрі қарай Әл-Фараби ауданындағы Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы №8 мамандандырылған гимназияда және Маржан Тасова атындағы №3 мектеп-интернатында жөндеу жұмыстары тексерілді. Қабырғаларды бояу мен аумақты абаттандыру бойынша ескертулер айтылды, сондай-ақ мектептерді көгалдандыру мен жарықтандыру мәселесіне көңіл бөлу қажеттігі тапсырылды.

Тұран ауданындағы №48 орта мектепте ішкі әрлеу жұмыстарының сапасы төмен деп бағаланып, мердігерге тез арада түзету тапсырылды. Сонымен қатар, мектеп директорларына балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дабыл түймелері мен бейнебақылау камераларын орнатуды қолға алу ұсынылды", - делінген ӨКҚ хабарламасында.

Қала әкімі аралау соңында теміржол вокзалы аумағы мен орталық көшелердің санитарлық жағдайымен танысып, аудан әкімдері мен салалық басқарма басшыларына көше жарығын және тазалығын қадағалауды күшейтуді тапсырды.

Шымкент әкімі білім беру нысандарын аралап, бірқатар ескерту айтты (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.