jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Шарын ұлттық саябағында сирек кездесетін жабайы аңдар фототұзаққа түсіп қалған (видео)

Елік
Елік. Фото: t.me/qazfwc

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жабайы аңдар камераға түсіп қалды. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Сартоғай Шарын" мемлекеттік табиғи қорығының аумағында орнатылған фототұзаққа жануарлар тіркеді. Анықталған түрлердің ішінде жабайы доңыз (Sus scrofa) және елік (Capreolus capreolus) ерекше назар аудартады", - делінген комитет таратқан Telegram арнадағы хабарламада.

Бұл нәтижелер өңірдің биологиялық әртүрлілігінің жоғары екенін дәлелдеп, жануарлардың мекен ету ортасын зерттеуге мүмкіндік береді.

Алынған мәліметтер жабайы жануарлар мен олардың мекендеу ортасын қорғау шараларын жетілдіруге көмектеседі.

Еске салсақ, бұған дейін Шарын ұлттық табиғи саябағында таутеке мен түлкі камераға түсіп қалғанын хабарлаған едік.

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында сүтқоректілердің биоалуантүрлілігін зерттеу мақсатында фототұзақ құрылғылары орнатылды.

Шарын ұлттық саябағында сирек кездесетін жабайы аңдар фототұзаққа түсіп қалған (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.