jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Қар, жаңбыр, тұман: Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Тұман басқан жол
Жол. Көрнекі фото: UGC

19 қараша күні Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлайды.

19 қараша Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі.

Ал Қарағанды облысының оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Ертең түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Ал Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Астана қаласында 19 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

19 қарашада күндіз Қызылорда облысының орталығында қатты жауын-шашын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.

Ал Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

19 қарашада күннің соңында Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, күндіз таулы аудандарында найзағай ойнайды.

Ертең Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Ал Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Павлодар қ: 19 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

19 қарашада Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Ал түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Қар, жаңбыр, тұман: Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.