jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Ақтөбе облысында бір жыл бұрын 250 млн теңгеге жөнделген бөгет тағы да бұзылды (видео)

Бөгет
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбе облысында көктемгі тасқын кезінде су шайған бөгет тағы да бұзылды. Бұл нысан бюджеттің 257 миллион теңгесіне былтыр ғана жөнделген. Бөгет көпірі жаңбыр суына шыдас бермепті. Жағдайға қатысты тиісті ведомство түсініктеме берді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, Алға ауданындағы "Көсем" деп аталатын бұл бөгетке Тамды өзені келіп тіреледі. Шағын су қойманың сыйымдылығы 80 мың текше метрге жуық. Көктемде тасқынның арыны қатты болып, жөнделген "Көсемді" екі жерден бұзып кеткен.

Одан соң кепіл мерзімі бітпегендіктен, мердігер бұзылған жерді бітеп, қайта жөнеуге міндеттелді. Бірақ құрылысты созып жүріп алған. Ал бөгетке салынған уақытша көпір жаңбырға шыдас бермей су шайып кетті.

Шенеуніктер енді тендер ұтқан компания өз ақшасына бар жұмысты бітірсін деп отыр. Талап орындалмаса, сотқа береді.

"Кешегі соңғы 3-4 күн жауын-шашында судан сол салынған уақытша топырақпен салынған жолы бұзылып жатыр. Қазір енді мердігер өзі қайта қалпына келтіреді. Біздер талап қойдық. Мердігер қаражатына қайтадан қалпына келтіру бойынша бүгінде бірінші участігінде жұмыс жүргізіліп жатыр. Бетонды жұмыс аяқталып қалды. Осы жұмысты әрі қарай баяу болса, сотқа береміз деп талап қойдық", - дейді Ақтөбе облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Бекболат Нұрашев.

Дереккөз: КТК

Ақтөбе облысында бір жыл бұрын 250 млн теңгеге жөнделген бөгет тағы да бұзылды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.