jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

"7 мың долларын жұмсаған": метеорит жинайтын алматылық коллекционер туралы не білеміз (видео)

Ильдар Халит
Ильдар Халит. Видеодан кадр: 24.kz

Алматыда метеорит жинайтын коллекционер тұрады. Қазіргі уақытта ол сертификаты бар 22 тастың иесі атанып отыр. Бұл туралы 24.KZ арнасы хабарлады.

Ильдар Халитовтың айтуынша, тастардың әрқайсысы анықталған жерінің атауына қарай "Қайыңды", "Ащысай" деп аталады.

Оның бұл іспен айналысып жүргеніне 3 жылдың жүзі болған. Осы уақыт ішінде ол қолына түскен тастардың нақты метеорит екендігін дәлелдеу жұмыстарымен айналысып келеді. Ильдар Халитовтың мамандығы астрономиямен байланысты емес, жеке кәсіпкерлікпен айналысады.

Оның айтуынша, метеоритті жинау біраз қаражатты қажет етеді. Коллекционер сертификаты бар тастарды ғана алады.

22 метеоритті сатып алу үшін 7 мың АҚШ долларын жұмсаған. Ал биыл "Қазақстан метеориті" деген атпен кітабын шығарды. Онда планетааралық кеңістіктен жерге түсетін метеорлық денелердің қалдықтары туралы қызықты деректер қамтылған. 

"Менің коллекциямдағы ең алғашқы метеориттің салмағы – 620 грамм. Мұны көлемді сынығы деп айтсақ та болады. Мен оны астаналық бір жігіттен қалап, сатып алдым. Ол тауып алған соң тіркеген екен. Қазір бұл метеориттің негізгі бөлігі Ресейдегі мұражайда сақтаулы", - дейді қала тұрғыны Ильдар Халитов.

"7 мың долларын жұмсаған": метеорит жинайтын алматылық коллекционер туралы не білеміз (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.